Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралады.
Ең алдымен өңірдегі өзекті мәселе санатындағы ескі полигон аумағын көрді. Қоқыс алаңын жою үшін қажетті шаралар қабылдау қажеттігін айтып, арнайы жоба әзірлеу қажеттігін еске салды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арал ауданында 4 білім ұясын салу көзделген. Бүгінде оның алғашқысының құрылысы басталды. Келесі кезекте жаңадан бой көтеретін 300 орындық мектеп орнымен танысқан аудан басшысы қажетті құжаттарды жақын арада реттеу қажеттігін айтып, құрылыс жұмыстарын бастауға ешқандай кедергі болмауы тиіс екенін алға тартты.
Мұнан соң аудан әкімі темір жол вокзалының жұмыс барысы мен нысан аумағымен танысты. Аудан басшысы «Теміржол вокзалының маңайын да ретке келтіру бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмыстардың қатарынан болуы қажет. Өзге өңірлерден келген меймандарымыз осы вокзал арқылы Арал қаласының бет-бейнесін бағамдайды. Теміржол вокзалы аумағындағы барлық объектілерді талапқа сәйкестендіруді тапсырамын. Белгіленген мерзім ішінде кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін ретке келтіру қажет»,- деп бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
Сурет: Арал ауданы әкімдігі 
24 қаңтар 2024 ж. 304 0