Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алғаш рет жаңа мереке тойланады

Қазақстанда алғаш рет жаңа мереке тойланады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен жылдың қазан айында кәсіби мерекелер тізіміне толықтыру енгізді. Тізімге жаңадан қосылған кәсіби мерекенің бірі - 1 ақпан азаматтық авиация қызметкерлері күні, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіби мерекені белгілеу ұсынысын «Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі» әзірлеген. Ұсыныс Көлік министрлігі тарапынан қолдау тауып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми бекіткен.

«Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән беріп, мемлекеттің жас ұшқыштарының патриоттық рухын дамытуға ықпал етеді», делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, сала қызметкерлері кәсіби мерекелерін биыл алғаш рет атап өтеді.

Фото: kaz.tengrinews.kz
01 ақпан 2024 ж. 279 0