Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде тағы бір жаңа мереке пайда болды

Елде тағы бір жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлері күні бекітілді, деп хабарлайды

2023 жылғы 17 қарашада Кәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітілді, оған сәйкес 1 ақпан Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді.

Бұл ұсыныс Азаматтық авиация соғысы және еңбек ардагерлерінің Біріккен Кеңесінен келіп түсті.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады.

Бұл кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын атап өткен жөн.
18 қараша 2023 ж. 274 0