Толқын » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды
Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды
Резиденцияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.