Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы

Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы

15 ақпан - Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына - 35 жыл толды. Ширек ғасыр уақыт өтсе де сол бір кез - кешегі аға буынның көз алдында десек артық айтқандық емес. Елімізден барған 22 мыңға жуық қаншама жас қыршыннан қиылып, мыңдағаны мүгедек болып оралды. Соның ішінде, Арал өңірінен 60-тан аса адам қатысып, 2 жерлесіміз Ауған жерінде ажал құшты.
Талайдың тағдырына өшпестей із қалдырған Ауған жерінде
азаматтық борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлерді атаулы дата аясында еске алу митингісі өтті.
Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Кете Төлеби Досымжанұлы азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.
Тағылымды шара ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майданда опат болған сарбаздардың рухына құран бағыштаумен қорытындыланды.
Ауған ардагерлерін еске алу және құрмет көрсету шарасы салтанатты марапаттау жиынына ұласып, бірқатар ардагерлер аудан әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.
Салтанатты шарада аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, ардагер қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
16 ақпан 2024 ж. 363 0