Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуіл жөндеу депосы "АЛТЫН ДУЛЫҒА" байқауының жеңімпазы атанды

Сексеуіл жөндеу депосы "АЛТЫН ДУЛЫҒА" байқауының жеңімпазы атанды

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының 2023 жылғы қорытындысы бойынша Сексеуіл локомотив жөндеу депосы «ҮЗДІК МЕРДІГЕР» номинациясымен марапатталып жылды оң нәтижемен аяқтады.
2018 жылдан бастап «Қамқор Локомотив» ЖШС мен «Wabtec» компаниясымен бірлесе отырып жөндеу депосының қызметкерлері арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау санаттары бойынша «АЛТЫН ДУЛЫҒА» байқауы ұйымдастырылып келеді. Теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан сала мамандары үшін бұл байқаудың бәсі өзгеден бөлек. Ерекше орын алатын осы байқау биыл іргелес орналасқан мердігер мекемеміз Сексеуіл локомотив жөндеу депосы үшін абыройлы өтті десек болады. Конкурстық комиссия жазатайым оқиғалардың болмауы, жұмыс көрсеткіштерінің нәтижелігі, қолайсыздықтың орын алмауы, еңбек және экология, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ тұрақты жетілдіру және үздік тәжірибелерді енгізу бағыттарындағы жұмыстарын бағалай отырып, «Қамқор Локомотив» ЖШС-ның жеті филиалының арасында Сексеуіл локомотив жөндеу депосы жеңімпаз болып табылды.
Қай бағыттағы жұмыстары да жүйелі әрі табысты атқарып, іргелес орналасқан, мердігер мекемеміз Сексеуіл локомотив жөндеу депосының еңбегі өте жоғары. Сол себепті «АЛТЫН ДУЛЫҒА» жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, өндірістік қызметте одан әрі табысты еңбек тілеймін.

Еркебұлан АЯҒАНОВ,
Сексеуіл локомотив пайдалану депосының
өндіріс жөніндегі орынбасары
13 наурыз 2024 ж. 154 0