Жас босанған аналарға наурыз-базарлық ұсынылды

Тәтті ұйқыда жатқан бөбегін құшақтаған бақытты аналарға Кете-Төлеби Досымжанұлы мен аурухананың бас дәрігері Б. Қуанышбаев ізгі лебіздерін арнап, шаңырақ шаттығын тіледі.
Өз кезегінде аналар мерекемен құттықтап келген аудан әкімінің орынбасары мен аурухана ұжымына риясыз алғыстарын білдіріп, балалары болашақта елдің азаматы болады деген аналық тілектерін жеткізді.
