Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жас аналарды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі жас аналарды мерекемен құттықтады

Көрікті көктемнің көркем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудандық перзентхана қызметкерлері мен жаңа босанған аналарды құттықтады.
Перзентхана бөлімінде бүгінде 18 ана бар. Соңғы тәулікте бір сәби дүние есігін ашқан.
Аудан әкімі ана атанған аралдық аруларды төл мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын үлестірді.
Сондай-ақ аудан басшысы «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен Ана құдіретіне бас имейтін жан жоқ. Сіздер гүлдей нәзік бола тұра тастай берік төзім иесісіздер. Жүректеріңізден тараған шуаққа отбасы, балалар жылынады. Әлемді мейрім құтқарады десек, Сіздер сол ізгі қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіріп келесіздер. Әр үйдің базары – балаларымыздың болашағы жарқын болсын»,-деп ізгі лебізін білдіріп, ұлт болашағы саналған сәбилерге бақытты балалық шақ тіледі.

"Толқын" ақпарат
09 наурыз 2023 ж. 344 0