Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы Мергенсай халқымен жүздесті

Аудан басшысы Мергенсай халқымен жүздесті

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен Мергенсай ауылдық округінде болып, ауыл халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жұмыс барысын бағамдады.
Алдымен аудан басшысы апатты жағдайдағы ауылдық клубтың жұмысымен танысты. Нысан 2021 жылы апатты деп танылған. Бүгінде жаңа клуб салу үшін салалық басқармаға өтінім ұсынылған.
Одан әрі аудан әкімі елді мекендегі медициналық бекетті аралап, бүгінгі жайын білді. Бекеттегі жергілікті мамандар халық денсаулығын нығайтуда тынбай қызмет етуде.
Сапар аясында аудан басшысы ауылдағы «Желкен» балабақшасында болып, нысандағы асхана, балалар жатын бөлмесін көріп, білім беру процесін бақылады.
Мұнан кейін № 58 орта мектебімен танысқан аудан әкімі, білім беру ордасында тұрғындардың ұсынысын тыңдады. Ауыл ардагерлері мен жергілікті азаматтар өңірдегі шешімін табуды қажет ететін мәселелерді аудан басшысының назарына ұсынды. Мергенсай тұрғындары өз кезегінде жол мәселесін, елдімекенге жаңа мектеп салу мәселесін көтерді.
Аудан әкімі аталған мәселелермен етене таныс екенін, қазіргі кезеңде халықтың тұрмысына қажетті деген әлеуметтік мәселелерді шешу басты міндет және сол бағыттағы шараларды кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ, «Арал-Жалаңаш» бағытындағы автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігер мекеме анықталғанын атап өтті. Мұнан бөлек, жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама демеушілік есебінен әзірленіп, қаржыландыру көзін тартуға салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылғанын жеткізді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
20 наурыз 2024 ж. 249 0