Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда Наурыз мерекесі тойлануда

Аралда Наурыз мерекесі тойлануда

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі Арал ауданының  орталық алаңында аталып өтілуде. Мереке мәдениет үйінің қызметкерлерінің театрландырылған көрініснен бастау алды.
Ақ отауға енген жас келінді түсіру кезінде жасалатын ұлттық дәстүрлер көпшілік назарына ұсынылды. Тайқазанда Наурыз көже дайындалып, жиналған көпшілікке дәм татқыздырылды.
Мұнан соң төрге енген Қыдыр ата ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі халықты ұлттық мерекемен құттықтай отырып, бірқатар еңбек адамдарын Алғыс хатпен марапаттады. Әрі қарай аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көпшілікке мереке көңіл-күй сыйлауда. 
Мереке күні жиналған жұртшылық бір-бірімен қауышып, қойылымды тамашалауда.

"Толқын" ақпарат
(Фото қойылымнан түсіріліп алынды)
22 наурыз 2024 ж. 269 0