Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев, Арал ауданының полиция бөлімінің бастығы Н. Шегебаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д. Шәкен жолаушыларға табиғаттың тосын мінезінен орын алған жағдай жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде бірқатар жолаушылар сапарларын басқа уақытқа жоспарлап, кері қайтатындықтарын білдірді.
