Учаскелерде дауыс беру басталды
Бүгін Қызылорда өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау басталды.Аймақта сайлау науқаны 3 округ бойынша Қызылорда қаласында және Арал, Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылуда. Барлық округ бойынша 37 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы.3 округте 27 учаскелік комиссия жұмыс жасайды. Мұнда 189 комиссия мүшесі сайлау процесіне жауапты.
Таңғы сағат 06.00-де барлық учаскелер ашылып, сағат 07.00-де дауыс беру басталды.
Сайлаушылар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы










