Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа салғырт қарамауымыз керек

Тазалыққа салғырт қарамауымыз керек

Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы. Шуағын төккен көктем мезгілімен бірге аудан ішінде көркейту шаралары жүргізіліп, сенбіліктер өткізілуде.
Президент бастамасымен «Таза Қазақстан» тазалық науқаны бастау алды. Жалпы сенбілік – өзіміздің тұрғылықты жеріміз бен ауламыздың тазалығы үшін маңызды әрі ортақ игі іс. Әрбір елін, туған жерін қадірлейтін азамат ортақ қаламыздың  таза болуына алаңдағаны жөн.
Тазалық пен тәртіп, ең алдымен өзімізге - осында тұратын адамдарға қажет. Осыған орай, күнбе-күн пәтерде, үйде, көшеде, жұмыста, оқуда, әрбір іс-қимылымызда тазалық мәдениетін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!
Барша аудан тұрғындарын,  мекеме ұжымдарын, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерін, барлық тұрғындарды өз көшелері мен аулаларын тазалау, көгалдандыру жұмыстарына жаппай белсене қатысуға шақырамыз!
Туған қаламыздың таза да көрікті болуына бірге атсалысайық!
Танымбетов Әділхан,
Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
13 сәуір 2024 ж. 167 0