Су тұщыту қондырғысы абаттандыру жұмыстарына септігін тигізуде

Арал қаласында тұзсыздандыру стансасындағы суды тұщыту қондырғысы көмегімен таза су өндірілуде. Арнайы резервуарға жиналған су қоры сутасығыш көліктер арқылы белгіленген аумақтарға құйылады. Құрылғы сағатына 2 м³, тәулігіне - 50 м³ концентратсыз таза су шығаруға қабілетті.
Қондырғыдан өндірілген су арқылы скверлер мен саябақтар, қала көшелері мен кіші архитектуралық нысандардағы гүлзарлар мен талдар суарылатын болады. Оған қоса, автомобиль кептелісі орын алатын көшелерге де арнайы техникамен су шашу қарастырылған.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта ауыз су қорын үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі