Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Аудан әкімі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет. Сондықтан да, бұл күн қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні деп есептейміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. «Қазақ әскерінің озық дәстүрлері туған жерін ерлікпен қорғаған ата-бабаларымыздың ерлігінің, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың теңдессіз ерліктерінің заңды жалғасы болып табылады»,-деген болатын.
Қазірде көк аспан түстес байрағымыздың түбінде тұрып, шекарамызды күзетіп жүрген айбынды әскерлеріміз жауынгер ұрпақтың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, Антына адал қызмет атқаруда.
Біздің Қарулы Күштеріміз әрқашан қазақстандықтардың басты құндылықтары – бейбітшілікті, бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтаудың кепілі болып келеді. Қазіргі еліміздің әскері жауынгерлік дайындықтың, жабдықталу мен ұтқырлықтың  жоғары деңгейіне жетіп, кез-келген сыртқы қауіпке қарсы мықты қалқанға айналды.
Ардақты ағайын!
Еліміздің шекарасының берік, халқының бейбіт болуында өз міндетін әуе кеңістігінде, құрлықта, теңізде, шекарада адалдықпен атқарып жүрген айбыны асқақ әскерилерге, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға алғысымды білдіремін!
Егемен еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы елдік істеріңізге сәттілік, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін.
Тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды, қауіпсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев

07 мамыр 2024 ж. 229 0