Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ел азаматтарын құттықтады

Аудан әкімі ел азаматтарын құттықтады

Ардақты ағайын!
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын бұл мереке біз үшін қашанда құнды әрі қадірлі. Бұл күн әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің – нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың – өлшемі болары анық.
Батыр бабаларымыз осынау кең байтақ жер үшін шайқасып, ұрпағына мирас етіп қалдырды. Ал, кешегі аталарымыз бен әкелеріміз сұрапыл соғыста қайсар мінезі мен даналығының арқасында жеңіске жетті. Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан алдыңғы буынның ерлігін ұмытпау, бүгінгі мамыражай әрі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету перзенттік парызымыз.
Қазірде тәуелсіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда, көк аспан түстес байрағымыздың түбінде тұрып шекарамызды күзетіп жүрген айбынды әскерлеріміз жауынгер ұрпақтың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, Антына адал қызмет атқаруда. Олардың ел сеніміне селкеу түсірмей, қандай қиын, оқыс жағдай болса да ұлтымызға тән қайраттылық пен табандылық көрсететіне сеніміміз мол.
Қадірлі жерлестер!
Ынтымақ атты ыстық ұғымды қастерлеген халқымыздың ырысы арта берсін.
Бейбітшілікті ту еткен Тәуелсіз мемлекетіміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Әскеріміз айбынды, ел іргесі берік, тұғыры биік болғай!
Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов



07 мамыр 2023 ж. 331 0