Арал қаласында дәмді шұжық өндірілуде

Аталған кәсіпті табыс көзіне айналдыруды мақсат тұтқан Ж.Қыстаубаева Алматы қаласына арнайы барып, шұжық дайындау курсын оқыған. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша алған жеңілдетілген несиеге кәсіпкер қажетті құрылғыларды сатып алған. Қазіргі таңда күніне 20-25 келі шұжық өндіріледі.
Ұсынып отырған өнімді нағыз жергілікті деп айтуға болады. Шұжықтың 5 түрін шығаруға толық дайынбыз. Бүгінде бұл өнімге халықтың сұранысы арта түсуде. Себебі өзімізде өндірілгендіктен тұтынушыларға арзанға түсуде, – дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, Арал қаласында алғашқы болып шұжық цехын ашып, халал өнімдерін тұрғындарға ұсынып отыр. Қазір кәсіпкер шұжықтарын азық-түлік дүкендеріне өткізіп отыр.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: ашық дереккөз