Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» фракциясының мүшелері мүшелері балық шаруашылығы жұмысымен танысты

«AMANAT» фракциясының мүшелері мүшелері балық шаруашылығы жұмысымен танысты

Бүгінде Арал ауданында тоған шаруашылығы да қарқынды қолға алынып келеді. Қазірдің өзінде ауданда жалпы саны 10-ның үстінде тоғандар бар. Бұл соңғы 3 жылдың нәтижесі. Онда өсіріліп жатқан балық өнімдері уақыт өте теңізге жіберіліп, сол арқылы балық шаруашылығы саласын жандандыру жұмыстары қолға алынуда. Сондай шаруашылықтардың бірі Аманөткел ауылы маңындағы «АРАЛ РИБТОРОГ» ЖШС-нің жобасы.

Жоба ағымдағы жылдың маусым айында іске қосылып, тоғанға 7 млн. 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Сонымен бірге, алдағы уақытта тоғанның ауданын 25 га дейін ұлғайтып, жылына 15-20 млн. шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталатын болады. Аманаттық депутаттар осы шаруашылықтың тоған алқабында болып, жетілген балық шабақтарын көлге жіберу сәтіне куә болды. Сонымен қатар Арал ауданының ауыл шаруашылығы саласының 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспарының жол картасымен танысты.
Мұнан соң ауыл сыртындағы «Ескі арна» каналына барды. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сырдария өзені арнасымен мол су және сең өту барысында Аспай су ағытқысы жанындағы Ескі арнаның сағасы өздігінен жарылып кеткен болатын. Бүгінде соны қайта бөгеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Фракция мүшелері осы жұмыстарға қанығып, келешек аудан аумағындағы жайылымдық жерлері суландыру және көлдерді толтыру жұмыстарына оң әсер ететін бастамаларға сәттілік тілеп, Аралда нәтижелі жұмыстардың барына тоқталды.

#AMANAT
10 шілде 2024 ж. 198 0