Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкірттеріміз футзалдан республика чемпионы атанды

Шәкірттеріміз футзалдан республика чемпионы атанды

Ақжолтай ақпар! Бүгін облыс орталығында футзалдан 9-11 сынып ер балалары арасында өткізілген Республикалық Ұлттық мектеп Лигасынан шәкірттеріміз олжалы оралды. Әр облыстың үздіктері жиналған
теңбіл доп бәсекесінде аймақ намысын қорғаған №177 мектептің оқушылары қарсылас шыдатпай, жарыс жеңімпазы атанды. Команда құрамында Сағынай Әлішер, Диханбай Думан, Рысқұл Бағдаулет, Құдайбергенұлы Мейрімжан, Жасағанбергенов Қуантай, Дүзбай Жасұлан, Нұрболатұлы Берекет, Сахитжан Нұрасыл, Шакимергенов Мансұр, Жақсылық Нұрдаулет, Толағай Дарын, Жамбылов Мирас секілді спортты жанына серік еткен жас аяқдопшылар өнер көрсетті.
Аяқдопшылар аламанына әр өңірден үздік деп танылған 9 команда қатысты. Сыр өңірінің намысын қорғаған шәкірттеріміз барлық қарсыластарынан басым түсті. Нақтырақ айтсақ:
Қарағанды 1 - 4 Қызылорда (Сексеуіл);
Қызылорда (Сексеуіл) 4 - 4 Атырау;
Алматы 0 - 11 Қызылорда (Сексеуіл);
Қызылорда (Сексеуіл) 2 - 1 Жамбыл;
Финалдық ойында Атырау командасын 1:2 есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанды.
Жеңімпаз шәкірттерімізді және оқушыларды жарыс жолына дайындаған №177 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Есжанов Ержан және Баешов Қанатты айтулы жетістіктерімен құттықтай отырып, алғыс білдіреміз!
Өз тілшімізден
31 шілде 2024 ж. 132 0