Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс көрсеткіші нақты іс бойынша бағаланады

Жұмыс көрсеткіші нақты іс бойынша бағаланады

Аудан әкімі А.Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер басты назарға алынды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Алдымен аудан басшысы елмен жұмыс жасауда Бөген ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарған Шөмен Биқожаұлының иығына шапан жауып, құрметті зейнет дамалысына шығарып салды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан өзіндік елеулі үлесі үшін ауданның ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселе жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жөнінде. Бұл мәселе бүгін өткен Үкімет отырысында және облыс әкімдігінің мәжілісінде кеңінен талқыланды. Жиында аудан әкімі «Келешек» жинақтаушы жүйесінің іске асырылу барысы, бұл жүйенің незігі мақсаты – әрбір ата-ана өз баласының оқуына қаржы жинап, жоспар құра алатындығына тоқталды. Жаңа жүйенің маңыздылығын ата-аналар мен білім алушылар арасында түсіндіріп, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ жылдағы дәстүр бойынша осал топтағы отбасындағы мектеп бітірушілерге облыс әкімінің гранты тағайындалатынындығына тоқталып, мұндай мүмкіндікке әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанұядан шыққан балалар бірінші кезекте қамтылуы керектігін тапсырды.
Мұнан өзге ауданда құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарының жай-күйін бағамдап, жауаптыларға құрылыстың белгіленген жоспарға сай жүруін қадағалауды тапсырды.
Аудандағы білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындық жұмыстары да пысықталып, көгілдір отынға қосылмаған нысандарға қатысты демеушілердің есебінен жоба әзірлеу жұмыстарын ілгерілету керектігі айтылды. Маусымға дайындық жұмыстары қазірден пысықталу керектігін жеткізген аудан әкімі 1 қыркүйекке дейін барлық нысандар жылу беру маусымына дайын болулары керектігін айтты.
Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңында «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» арқылы жыл сайын аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына бір реттік қаржылай көмек көрсетілу барысын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясына баршаны жұмылдыру жұмыстарына тоқталды.
2024 жылдың 6 айы артта қалды. Сәйкесінше қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің ағымдағы жылдың жартыжылдығында халықтың әлеуетін арттыру бағытында атқарған жұмыстары айқындала бастады. Осы рейтингте төмен нәтижеге сырғыған ауыл әкімдерінің жарты жылдықтағы жұмыстары тыңдалды. Ауылдарда атқатылған жұмыстар бойынша Жетес би, Қаратерең, Бекбауыл және Атанши ауылдық округтерінің әкімі баяндама жасады.
Жыл басынан бергі жұмыстардың бағалау көрсеткіші көңіл көншітпейтінін, барлық бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің жұмысы алдағы 9 айдың көрсеткіші бойынша қайта назарға алынатындығын жеткізген А.Оңғарбаев нақты кемшіліктерді іспен дәлелдейтін уақыт келгенін ортаға салды.
Жиында аудан әкімі аудандағы қылмыстық ахуалды да назардан тыс қалдырмады. Алты айдың қортындысына сәйкес қылмыстардың ашылу көрсеткіші төмен екендігін айтып, қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, қылмыстың ашылу деңгейін көтеріп, қылмыстылық көрсеткішті төмендетуге жұмыс жасау керектігін айтып өтті.
Жиын соңында елді мекендердегі спорт нысандарында анықталған кемшіліктердің кейбірі белгіленген мерзімде әлі күнге қалпына келтірілмегенін айтып, ескертуді елемеген әкімдерді сынға алды. Олқылықтар тез арада орнына келтірілу керектігі, алдағы уақытта тапсырмалардың орындалуын нақты іс бойынша бағаланатындығы айтылды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
07 тамыз 2024 ж. 193 0