Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" Қызылорда облысында жобаның екінші кезеңі басталды

"Ауыл аманаты" Қызылорда облысында жобаның екінші кезеңі басталды

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасының екінші кезеңі 12 тамыздан бастау алады.
Бұл туралы бүгін онлайн-конференцияда «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Мадали Әлішерұлы мәлімдеді.
Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген биылғы жобаның аймағымызда жүзеге асырылуына 4,6 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Осыған сәйкес, 575 жоба қаржыландырылып, 610 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Аталмыш ұлттық жобаны өңірімізде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асыратын болады. Тамыз айының 12-нен бастап жоба аясында құжаттарды amanatnesie.kz порталы арқылы қабылдау басталды.
08 тамыз 2024 ж. 94 0