Айбары асқақ Ата заң
![](/uploads/posts/2024-08/medium/1725121030_17.jpg)
Ата заң – егемен еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттайтын тарихи құжат. Конституция қазақ елінің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды. Осы ұлттық негіздегі салтанатты шарада аудан әкімі А.Оңғарбаев:
– «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» деп бағалаған Шерхан Мұртаза пайымында еліміздің мызғымас тұғырнамасы Ата заң екені алға тартылады. Өйткені онда мемлекетіміздің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың мәртебесі айқындалып, мақсат-міндеттері көрсетілген. Біз құқықтық жүйенің орнығуы арқылы мемлекетіміз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, тұрақтылықты және бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық, – дей келе, тәуелсіздік жылдарында аралдықтардың қол жеткізген жетістіктері мен алдағы жоспарды жұмыстарға тоқталып өтті.
Әрбір қазақстандықтың Конституциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, отбасы мен балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, міндеттемелерін қастерлеп сақтап, орындауы маңызды. Конституция біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу. Осынау қол жеткізген жетістіктерді баянды ете отырып, оны әрі қарай жалғастыру, елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың және бүгінгі білім алып отырған жастарымыздың абыройлы борышы екендігі даусыз.
Елдігімізді ерекшелеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен шарада аудан әкімі бірқатар сала майталмандарына облыс және аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. ![](/uploads/posts/2024-08/medium/1725121169_45.jpg)
![](/uploads/posts/2024-08/medium/1725121169_45.jpg)
![](/uploads/posts/2024-08/medium/1725121097_21.jpg)
![](/uploads/posts/2024-08/medium/1725121131_22.jpg)
«Толқын» ақпарат