Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел жаңалықтары

Ел жаңалықтары

Тазы – қазақтың қазынасы
Халықаралық кинология федерациясы жеті қазынаның бұл түрін ресми түрде мойындап, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі қолға алынған болатын. Сөйтіп бұл іс 2022 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына алынды. екі жыл ішінде тазы стандарты бекітіліп, ғылыми зерттеулер жасалынды. Сондай-ақ асылтұқымды иттердің байқаулары мен көрмелер өткізілді. Мәселен, биылғы жылы елде тазы иттердің 5 монотұқымды көрмесі өткен.

Уақыт белдеуі: Үш жыл уақыт керек
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, жазғы және қысқы уақытқа көшу мәселесі тек үш жылдан кейін қаралады. Мәжіліс отырысындағы бұл мәселе туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жеткізді.

Министрдің сөзінше, уақытты өзгерту мәселесі қоғамда көп талқыланып жатыр, алайда тек арада уақыт өткен соң оның әсерін білу мүмкін болмақ.

«Өтініштің нәтижесін білесіздер. Қысқы және жазғы уақытқа көшу бұрын қолданылған. Қазір Украинада да осыған ұқсас мәселе талқыланып жатыр, олар ауысудан бас тартпақ. Депутаттың ұсынысы назар аударуға тұрарлық нәрсе. Алайда өтініштің қорытындысы бойынша комиссия оны толық талдап, ғылыми қорытындыны ресімдеу үшін уақыт қажет деп шешті» деді А.Шаққалиев.

Бұл бойынша денсаулық сақтау министрлігі үш жыл ішінде қосымша зерттеулер жүргізбек.

Баға өсіргендер жазаланады
Сауда және интеграция министрлігі ӘҚБтК-ге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін асырғаны үшін бизнес өкілдеріне әкімшілік жазаны қатаңдату жөнінде түзету әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр Айжан Бижанованың айтуынша, қолданыстағы Заңда әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне 15%-дан артық үстеме баға қосуға болмайды. Кәсіпкердің заңды бұзғаны анықталған жағдайда, бірінші жолы ескерту беріледі. Өзгерістер осы ескертуді 5-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлға ауыстыруды көздейді.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін асырғаны үшін 2023 жылдың 8 айында 760 қаулы, ал 2024 жылдың басынан бастап 29 тамызға дейін 11,8 млн теңге сомасына 2 807 әкімшілік қаулы шығарылған, бұл былтырғыдан 4 есеге көбейгенін көрсетеді.

«СБ» ақпарат

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: 24.kz
05 қыркүйек 2024 ж. 84 0