Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтары талқыланды

АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтары талқыланды

Бүгінгі таңда атом энергиясының негізгі экологиялық таза баламасы күн, жел және су энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) болып табылады. Бұл технологиялар көмірқышқыл газының төмен шығарындыларына ие және атом электр станцияларымен салыстырғанда апаттық қауіп тұрғысынан айтарлықтай төмен. Алайда олардың Қазақстанда қолданылуының шектеулері бар.
– Мысалы, күн және жел энергиясы табиғи жағдайларға тікелей байланысты, ал тұрақты энергиямен қамтамасыз ету энергияны сақтау инфрақұрылымы мен желілеріне айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. Жел энергиясы Жоңғар қақпасы сияқты кейбір аймақтарда тиімді болуы мүмкін. Бірақ тұтастай алғанда жаңартылатын энергия көздері атом энергиясы сияқты тұрақтылық пен қуатты қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан атом электр станцияларын энергияның сенімді балансын қамтамасыз ету және көміртегі салдарын азайту үшін жаңартылатын энергия көздеріне қосымша ретінде қарастыруға болады, – деп халықтық штаб өкілдері АЭС салудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде Теміржол саласының ұжымы тиімді әрі таза энергия көзі АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
19 қыркүйек 2024 ж. 102 0