Ана мен бала тағдырына салғырт қарамауымыз қажет

Жиынға аудандық көп бейінді орталық ауруханасының басшысы Б. Қуанышбаев және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.
Алдымен жиында аяғы ауыр әйел азаматқа жауапты болған дәрігер мен медбикелердің жүктілік кезеңінде атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалып, жіберілген кемшіліктер талданды.
Аудан әкімінің орынбасары аталған мәселенің себептерін мұқият тексеріп, анықтауды, соған сәйкес тиісті шешімдерді қабылдауды және жүкті әйелдерді қадағалау жұмыстарын күшейтуді аудандық көп бейінді орталық ауруханасының басшысына тапсырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанған жағдайда, ауданда дүниеге келген әр сәбидің өмірі жіті зерттелетіндігін ескертіп өтті.

