Облыс орталығындағы молшылық мерекесі бүгін де жалғасты

Бұл жолы ауданнан 30-ға жуық автокөлікпен 75 тоннадан астам өнім әкелінді. Молшылық шарасына ауданымыздың табиғат пайдаланушылары, шаруа қожалықтары, қала, кент, ауылдық округтерінен және басқа да жеке кәсіпкерлер тарапынан 3,9 тонна ет өнімдері (сиыр еті 2100-2200 тг., жылқы еті 2300-2400 тг), 16 тонна балық және балық өнімдері (мөңке, сазан 1200-1700 тг.), 1 арнайы автокөлікпен 2 тонна тірі балықтар, 1 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері (шұбат 800-900 тг), 400 дана тауық еті, 55 тонна бақша және көкөніс дақылдары, 3 тонна ас тұзы және тұз өнімдері (ас тұзы 65-70 тг) және 60-қа жуық қой, тоқты малдары (35000-50000 тг) жеткізіліп, қала тұрғындары үшін нарық бағасынан төмен бағада ұсынылды. Әсіресе Аралдан жеткізілген тірі балыққа халықтың сұранысы көп болды.

