Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Сыр елінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында ұлттық мереке – Республика күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекіте түсетін рәсімге құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен күштік құрылымдар мамандары қатысты.
Сыр елінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Мемлекеттік ту көтеру сәтінде Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің хор ұжымы Гимн орындады.
Еске салайық, ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық акция еліміздің барлық аймағында өтуде.

Қызылорда облысының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: ашық дереккөз
26 қазан 2024 ж. 32 0