Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыс Қазақстан облысы делегаттарының бос орындары жәрмеңкесі өтті

Шығыс Қазақстан облысы делегаттарының бос орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін аудан орталығында аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының делегаттарының бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – еліміздегі еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамту жүйесінде еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру. Бұл мемлекеттік қолдауды және азаматтарды жұмысқа орналастыруды өз еркімен көшіру арқылы жүзеге асырылады.
Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы саны 211 бос жұмыс орны ұсынылса, олардың басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, жеке кәсіпкерлік субьектілері мен өзге де салаларға бағытталған.
Айта кетейік, жәрмеңке ертең яғни 31 қазан күні ауданға қарасты Қамыстыбас, Аманөткел, Бөген және Қаратерең ауылдық округтерінде де өз жалғасын таппақ.

"Толқын" ақпарат
31 қазан 2024 ж. 48 0