Қазалы ауданының әкімі Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды

Форумда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Президенттің, Үкіметтің қолдауының арқасында облыс бюджеті биыл 744 млрд. теңгеден асқанын айтып, Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Басқосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбетке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хаты» табысталды.
Мұнан бөлек бірқатар сала басшылары мен аудан әкімдері марапат төрінен көрінді.