ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

дәрі-дәрмек алынды. Алдағы жылға осы мақсатқа 776 млн. теңге бөлінді.
2022-2024 жылдары сирек кездесетін ауруға шалдыққандар «Қазақстан халқына» қоры арқылы 1 млрд. 463 млн. теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтылды. Бүгінде медициналық жеткізушілер 100 пайыз тестілеуден өтті. Жыл басынан бері 10 айда 44 медицина ұйымы 430 мың қорап дәрілік препараттар қабылдаған. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында 15 792 рецепт жазылып, босатылды. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес, облыстың 17 медициналық ұйымында «Госпитальдық фармация» бөлімдерін ашу жоспарлануда.
Бүгінде құзырлы органдар өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтуде профилактикалық жұмыстарды қолға алған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи газды қауіпсіз пайдалану, түтін жолдары мен ауа-желдеткіш каналдарды уақытылы тазалау және жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бағытында үгіт-насихат үздіксіз жүргізілуде.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі