Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына өздерін алаңдатқан талап-тілектерін айтып, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Ең алдымен аудан әкіміне онлайн байланыс арқылы қосылған Қазалы ауданының тұрғыны «Тәжік-Ауған» соғысында қаза тапқан немере ағасы, аралдық Жақсылық Жансүгіровтің есімі ел жастарының арасында лайықты құрметтелсе, мектепке есімі берілсе деген ұсынысын жеткізді.
Аудан басшысы бұл мәселеде жұмыс заң шеңберінде атқарылатынын айтып, ең алдымен сарбаздың ерлігі жайлы ақпараттық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуі керектігін атап өтті.
Жеке қабылдауға келген өзге де азаматтар жұмыссыздық және тұрғын үй мәселесін алға тартып, өз өтініштерін жеткізді. Қабылдау барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.
Мұнымен қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.
14 қараша 2024 ж. 51 0