Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданының әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Арал ауданының әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Kyzylorda-news.kz Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев «Amanat» партиясының Арал аудандық филиалы ғимаратында кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі жұмысқа орналасу туралы қозғаса, кейбірі тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы келушілердің мәселелеріне жеке тоқталды. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй қажеттілігіне байланысты мәселе көтерді. Сала бойынша жауапты мамандар тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.

Тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды. Аудан әкімі тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, тұрындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
13 желтоқсан 2024 ж. 148 0