"Бұл - билік пен халықтың диалогы": Мемлекет басшысының сұхбаты желіде қызу талқыланды
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатына орай әлеуметтік желілерде түрлі жазбалар жарияланып жатыр.
Бұл - билік пен халықтың диалогы. Бұдан бөлек, президент атқарылған жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Нәтижеге қарасақ, қыруар тірлікістелгендей. Мысалы, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның тозығы жеткені туралы аз айтылған жоқ. Былтыр бүкілаймақта оларды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Елімізде 7 мың шақырымавтокөлік жолы салынып, жөнделді. Бұл – Қазақстандағы жалпы жолдардың 10 пайызға жуығы. Осы қарқын жалғасса дейміз, он жылдажолдарымыз жақсарып қалар еді. Әсіресе, Астанаға апарар Жезқазған-Қызылорда жолы бір жылдапайдалануға берілсе, дұрыс болареді. Сонымен қатар, рекордтық деңгейде астық жиналғанын айтты. Мемлекет басшысының тілге тиек еткеніне қарағанда, Жұманғарин бастаған атқамінерлер астықты экспортқа шығаратын нарық тапқан-ау деп отырмыз. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында стратегия дұрыс болып келе жатыр дегенді естиміз. Былтыр ауыр жыл болды дегенмен, бюджет тапшылығы болды дегенмен, ауқымды жұмыс атқарылғанын көріп отырмыз. Сонда да болашақты ойлау керек. Ұлттық қорға қарайлап қою керек. Биыл бюджет тапшылығына байланысты шұғыл шешімдер қабылданады, үкімет есін жинайды, мән-маңызы аздау жобалардың қаржысы қысқарады деп үміт қыламыз, - деп жазды журналист Дәурен Сейтжанұлы.
Блогер Сабит Рысбаев Президенттің Заң мен тәртіп туралы айтқан сөзіне ерекше тоқталыпты.
“Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту” атты мақаласында халық көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын айтты. Соның ішінде Талғардағы оқиға, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы, жаңа заңдар, реформалар, әлеуметтік тақырыптар да қозғалған екен. Соның ішінде Заң мен тәртіп қағидасына ерекше тоқталған екен. Мен де бүгін осы жайлы сөз еткім келіп тұр. Тоқаев сұхбатында “Заң мен тәртіп” қағидасы тек құқық қорғау саласына ғана арналмағанын баса айтқан. “Заң мен тәртіп”– мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты екенін, бұл кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі екеніне назар аударған. Оған тек жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату деп қараудың дұрыс емес екендігін еске салды. Яғни кейбіреулер бұл ұстанымды қылбұрау салу деп қараса, олардың ойлары жаңсақ екенін айта кетті. Тек “Заң мен тәртіпке” бағыну мен құқық нормаларына құрметпен қарау арқылы Әділетті Қазақстан құрып, оны өркендеген мемлекетке айналдыратынымызды түсіндіріп өтті. Өз басым бұл ұстанымды толықтай қолдаймын. Заң мен тәртіпке бағынатын қоғамда қылмыстардың жолы кесіліп, қауіпсіз де тұрақты орта орнайды дегенге сенемін. Заң мен тәртіптің сақталуы халық пен мемлекеттің ортақ жауапкершілігі екенін есте ұстайық, - деп жазды.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Павлодар облысы бойынша өкілі, өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы Айжан Серікбаева да өз пікірін білдірді.
Сұхбат Қазақстан өңірлеріндегі коммуналдық сектордың жағдайын бағалаудан басталады. Жасыратыны жоқ, бұл сала көптен бері қайта жаңғыртуды, жөндеуді қажет етеді. Бұл бағытта, оның ішінде Павлодар облысында да біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен, Павлодар қаласында ТМ-13 ірі жылу магистралінің құрылысы аяқталып, 70 мыңнан астам тұрғынды жылумен қамтуды жақсартты, магистральдық су құбырларын ауқымды реконструкциялау жалғасуда. Келер жылы 4,6 шақырым жаңа су құбырының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Электр желілеріндегі апатты азайту үшін биылғы жылы 148,2 шақырым әуе желісі, 35,2 шақырым кабельдік желі жөнделіп, 60 КТС және 126 трансформаторлық шағын стансада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Инвестициялық бағдарлама аясында 60 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан ескіден екі есе қуатты Солтүстік қалалық қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында биыл Ішкі істер министрлігінің кезекте тұрған 964 адамға жаңа пәтер кілттері табыс етілді, - дейді сарапшы.
Қазақстан Президенті өз сөзінде «соңғы он жылда рекордтық өнім – 27 миллион тоннаға жуық астық» жиналған ауыл шаруашылығы саласындағы табыстарды ерекше атап өтті. Бұл салада Павлодар облысы да өз үлесін қосты. Осылайша, облыс ауыл шаруашылығы саласын дамытуға инвестициялық салымдар көлемі бойынша Қазақстан өңірлерінің тізімінде көш бастады. Павлодар облысының экономикасына шамамен 943 млрд теңге тартылды.
Ішкі және сыртқы саясаттың дұрыс жүргізілуі де өз жемісін беруде. Павлодар облысын мысалға ала отырып, Шарбақты ауданындағы Құрқамыс вокзалында «Айбарыс Ltd» ЖШС салып жатқан мұнай өндіру зауытының жобасын атап өтуге болады. Құны 25 миллиард теңгені құрайтын жоба Қытай даму банкі арқылы қаржыландырылады. Сөз жоқ, мұндай диалог – Президент пен Қазақстан азаматтарының өзара әрекеттестігінің тиімді форматы, мемлекеттік аппарат қызметінің нақты жоспары мен бағыттары, сондай-ақ мемлекетті халықаралық деңгейде тартымды серіктес ретінде дұрыс позициялау болып саналады, - дейді Айжан Серікбаева.
Сурет: baq.kz