Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұлт бірлігі үшін": Тоқаев халықтың сан алуан пікірімен санасу керектігін айтты

"Ұлт бірлігі үшін": Тоқаев халықтың сан алуан пікірімен санасу керектігін айтты

Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірді негізге алуы тиіс, деп санайды президент
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көзқарасын ескеруге шақырып, жастар туралы пікір білдірді.
"Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл - ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы. Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
07 маусым 2019 ж. 923 0