Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АИДА АБИБУЛЛАЕВА: Бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тапты

АИДА АБИБУЛЛАЕВА: Бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тапты

Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия медициналық қызмет көрсету сапасы, дәрігерлердің жетіспеушілігі, техникалық қамтылуы бойынша терең зерделеп, жұмысын жақсарту бағытында министрліктер мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына нақты ұсынымдар беріп отырады. Осы ұсынымдар негізінде тұрғындардың бірнеше мәселесі шешімін тауып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы нақты шаралар қабылдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қоғамдық кеңестің мүшесі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның жетекшісі Аида Абибуллаева мәлімдеді.
- Әлеуметтік комиссия жұмыс барысында денсаулық саласына үлкен бақылау жасап, министрлікке дейін өз ұсынысымызды жеткіздік. Мәселелер бойынша халық арасында сауалнамалар жүргізіп, мониторинг жұмыстары тұрақты атқарылып отырды. Жұмыс барысында медициналық мекемелерге сапа жүйесін орнатуды ұсындық. Себебі әр тұрғын медицина қызметкерлерінің жұмысына, дәрі-дәрмек сапасына баға беріп отыруды жолға қойса сапа артар еді. Халық сынынан ешқашан қашпау керек, себебі орнымен айтылған сын жұмысты жетілдіруге септігін тигізеді. Сондай-ақ қоғамдық кеңестің алаңында денсаулық саласымен қатар жұмыссыздық мәселесін көтердік. Мемлекеттен берілетін гранттар мен несиелер, жалпы әлеуметтік көмектердің жүзеге асырылуын кеңінен зерттеп, өз ұсынысымызды басшыларға жеткізіп отырдық. Бүгінде өңіріміздегі қоғамдық кеңестің жұмысы өте нәтижелі, тиімді болды. Азаматтардың жанайқайын осы алаңда талқылап, мемлекеттік органдарға тұрақты жеткіздік. Міне біздің бірігіп осы алға қойған міндеттерді атқарып келе жатқанымызға да үш жыл болып қалды. Үш жыл мерзім ішінде осы жұмыстарды бірге атқарып, ұйымшылдық пен белсенділік танытып келген қоғамдық кеңес мүшелеріне алғыс білдіреміз, - деді Аида Ибрагимқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 
27 ақпан 2025 ж. 34 0