Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.

Жұмыссыздық мәселесімен жүгінген тұрғындарға, бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.
Мұнымен қоса, денсаулық сақтау, тұрғын үй және жер мәселесімен келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.

Айта өтейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Фото: Арал ауданы әкімдігі 

28 ақпан 2025 ж. 31 0