Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

Құрметті аралдықтар!
Қадірменді жерлестер!
22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күнімен баршаңызды құттықтаймын!
Тыныс-тіршілікті оятып, жаңартып-жаңғыртқан, күн мен түнді теңелтіп, табиғат ананы жасартқан, Самарқанның көк тасына дейін еріткен жақсылықтардың жаршысы, игі істердің бастауы – Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!
Тамыры тереңнен тін тартқан бұл мереке – жаңашылдық пен жасампаздықтың, жылылық пен мөлдір мейірімнің мезгілі. Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды. Қыстың қаhары қайтып, дүние жаңарып, құлпырады. Бабалар дәстүрі жаңарып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елімізді ерен еңбекке, баянды болашаққа үлкен сеніммен жетелейді.
Наурыз – Қазақ елінің тілі мен дінін, дәстүрі мен тарихын түгендейтін, өткенін еске түсіріп, қол жеткізген жетістігін халыққа паш ететін күн. Наурыз – бірлік мерекесі.
Биылғы жылы тамырын тереңге тартқан қойнауы әсем саз бен шежіре жырға толы аралдықтар да ұлы мерекені жаңа бастамалармен қарсы алғалы отыр. Аудандағы әр салада тұрақты өсім қалыптасып, кәсіпкерілік пен өнеркәсіп саласы айтарлықтай дамып келеді.
Осының бәрі ата жолымен салт-дәстүрін бекем ұстаған аралдықтардың табанды тірлігі мен ауызбірлігінің арқасы!
Қадірлі жерлестер!
62 жыл үзілістен кейін Наурыз мейрамын қайта тойлай бастағанымызға – биыл 37 жыл болыпты. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Сіздерді көктем мен қайта жаңғырудың тамаша мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әз-Наурыз әр жанұяға жақсылығын сыйлап, лайым бірлігіміз бен берекеміз арта берсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев
21 наурыз 2025 ж. 36 0