Туризм төрі – Қамбаш

Мұндай тынығу орындары елемізде де бар. Кенже дамыған бағыт десек те елімізде, ауданда да тынығу орындағы соңғы жылдары халықтың ауында жиі айтылып жүр. Мәселен Қамбаш көлі тынығушыларға жан тыныштығын сыйлауға үлкен мүмкіндік тудырды. Аудан экономикасының қарқынды ілгерілеуіне ғана септігін тигізбей, Аққұмшық жағажайы келушілердің де көңілінен шығып, суға түсу маусымында тек аудан, облыс көлемінде ғана емес, республика бойынша мыңдаған тынығушының жайлы орнына айналды.
Осыдан 10 жылдай бұрын old.baq.kz ақпараттық порталында ауыл тұрғыны Нұрбай Жүсіптің "Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?" мақаласында "Рас, Қамбаш көлі – Сыр өңірінің мақтануға тұрарлық демалыс орны, тамаша жер. Автокөлік жолына жақын, табиғаты көркем мекеннен қашан да халық үзілмейді. Әсіресе, демалыс күндері жағалаудан бос жер таба алмайсыз. Тіпті, алыс-жақын шетелдерден келген меймандарды да жолықтыруға болады" дейтін сөзі еліміздің түкпір-түкпірінен тынығушыларды тартып, олардың қызығушылығын оята алды.
Міне, мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса берсе, туризм саласында да талай белесті бағындырамыз.
"Толқын" ақпарат