Кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы басталады

Қазірде кәсіпкерлеріміз ата кәсіптің ізін өшірмей балық шаруашылығымен айналысып, Арал балығының сапасын шет елдерге танытса, енді бірі мал шаруашылығын жандандырып келеді. Өзге де бұйымдар жасап, республика көлемінде танымал болуда.
Облыс әкімінің есепті кездесуінде аймақ басшысы Қ.Көшербаев үстіміздегі жылды осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту үшін облысымызда кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялағаны белгілі. Бұл барша тұрғындардың осы салаға деген қызығушылығын тіпті еселейтініне сеніміміз мол. Сондай-ақ, тағы бір үлкен зауыттың бой көтерері аудан жұртшылығын қуантты.
Ол – кальцийлендірілген сода өндіру зауыты. Наурыз айында құрылысы басталатын бұл зауыт республикалық индустрияландыру картасына еніп, жоба құны 93,5 млрд теңгеге бағаланды. Заманауи зауыт толығымен іске қосылғанда мемлекетке шет елдерден жеткізілетін кальцийлендірілген соданың 75%-ын өтейді. Бұл – отандық өнімнің үлесі артады деген сөз.
Қ. Нұрқожаев,аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және
туризм бөлімінің бас маманы.