Батыр боздақтардың рухына тағзым жасалды

Мұнан соң майдан даласында шейіт болған жауынгерлер мен ел қорғаған батырлардың рухына арналып Құран бағышталды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев сөз алып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
– Құрметті ағайын, қадірлі жерлестер! 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын! Күллі жерді қанға бөктіріп, қанша шаңырақтың отын өшірген Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 80 жыл. Батыр боздақтарымыздың азаматтық арды ту етіп, мұздай қаруланған жаудың екпініне тойтарыс беруі шексіз батырлық. Уақыт өткен сайын мұндай ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті даралана бермек. Жаугершілік заманнан жалғасқан ел үшін, жер үшін болған қанды шайқастардың барлығында батырлар ерлігінің жарқын үлгісі жаңғырып жатыр. Осыдан 80 жыл бұрын аяқталған алапат соғыстың да сондай салмағы бар. Халқымыздың құрметке лайық қаһармандығы мен қайтпас қажыр-қайратының айнымас үлгісіне айналған Жеңіс күні баршаңызға құтты болсын, - деп ізгі лебізін білдірді.



Шара соңы майдан даласында Отанын қорғап, көзсіз батырлық пен қайсарлық көрсеткен батыр бабалар мен боздақтар ескерткішіне гүл қою рәсімімен жалғасты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі