Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аспалы көпірде рейд жұмыстары жүргізілді

Аспалы көпірде рейд жұмыстары жүргізілді

Кеше аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаевтың жетекшілігімен қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында құрылған арнайы рейдтік топ аудан орталығында жаңадан пайдалануға берілген аспалы көпір үстінде түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Аудандық білім бөлімі, қоғамдық даму бөлімі, жастар ресурстық орталығы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылған топ мүшелері көпір маңын аралап, қала тұрғындарына көпір аумағында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, балалардың ата-ана қарауынсыз жүруінің алдын алу және көпір үстінде бейберекет жиналмау туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталған жағдайда тиісті органдармен заң аясында ата-аналарға әкімшілік шара қолданылатыны жөнінде де ескертілді.

Құрметті аудан тұрғындары!

Арал ауданының әкімдігі жаңадан пайдалануға берілген аспалы көпір үстінде қозғалыс кезінде ерекше сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін қаперлеріңізге салады. Тұрғындарға көпір аумағында балалардың ата-анасыз жүруіне жол бермеуге, жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен ғана жүруге және көлік жүргізушілеріне белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

15 мамыр 2025 ж. 78 0