Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс лагерінің дайындығына мониторинг жүргізілді

Демалыс лагерінің дайындығына мониторинг жүргізілді

Кеше “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мамбетов Жасұлан Серікұлы, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Балмырзаева Азат Төлебайқызы Қамыстыбас ауылында орналасқан “Қамбаш” сауықтыру орталығында болып, жазғы маусымдық лагерінің дайындық жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында Лагер басшысы Қалиев Рахан Байтілесұлы, комиссия мүшелеріне маусымдық лагердің жоспарымен жұмыстарын көрсетті.
Демалыс лагері ағымдағы жылы 7 кезең бойынша жалпы 910 оқушыны қамтитын болады.
Комиссия мүшелері, лагер басшылығының жұмыстарына сәттілік тілеп, балалардың жақсы демалуына барлық жағдайларды сапалы жасау қажет екенін айтты.
#AMANAT
20 мамыр 2025 ж. 83 0