Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Жиынға комиссия төрағасы Н.Ембергенова, партия филиалының Атқарушы хатшысы Т.Қанатов комиссия мүшелері мен тиісті мекеме басшылары мен мамандары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1 Арал ауданындағы малдарды асылдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
2. Арал ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы I-тоқсандық есебі мен «Жасыл ел» маусымдық жобасының іске асырылуы барысы туралы;
3. Арал ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың құқық-бұзушылық жағдайының алдын алу жұмыстары бойынша I-тоқсандық есебі.
Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары мен мамандары комиссия мүшелеріне есептері бойынша баяндама жасап,оларға комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар қойылды.
Сонымен қатар, комиссия төрағасының тапсырмасына сәйкес бірақатар ұсыныстар тиісті қаулыға енгізілді.

