Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Рухани сала жаршысы" атты кездесу кеші өтті

"Рухани сала жаршысы" атты кездесу кеші өтті

Бүгін З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Рухани сала жаршысы» атты белгілі журналист,ақын,күйші Жұмабай Жақсылықұлының 80 жас мерейтойына арналған кездесу кеші өткізілді.
Тағлымы мол шарада «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы сөз алып, мерейтой иесін құттықтап, филиал төрағасының алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, қарымды қаламгерге арнайы сый-сыяпат табыс етілді.
Келелі кездесуде, ақпарат саласының майталманы Жұмабай Жақсылықұлының шығармашылығы мен өмір жолына арналған сыр-сұхбат өтті.
Жұмабай Жақсылықұлы еңбек жолын 1970 жылы Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінде корректорлықтан бастап әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Мұнан кейін Сырдария аудандық «Сырдария» газеттінде радио бөлімінің меңгерушісі, облыстық телерадиокомпаниясында аға редактор, Арал аудандық радио хабарын тарату редакциясында жауапты редактор, аудандық «Толқын» газетінде жауапты хатшы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы болып қызметтер атқарған.
Сондай ақ,оның күйлері облыстық, республикалық күй жинақтарына енген танымал сазгер.
Ұзақ жылдардағы журналистік зерттеу еңбегінің нәтижесінде Жетес бидің шешендік сөздеріне арналған «Жетес би», «Сазгер-күйші Шал-Мырза», сонымен бірге «Шешілген түйін», «Аралдық Бауыржанның әзіл әлемі», «Теңіз қызы мен тау жігіті» атты прозалық «Жастық шақтан бір белгі» атты өлеңдер кітаптары жарық көрген.
Ж.Жақып Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Арал ауданының Құрметті азаматы, «Тұран» сыйлығының иегері.
Қазіргі таңда «Арал аудандық Зейнолла Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестік» қоғамдық бірлестігінің және аймақтық «Арал әлемі» газетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
"Толқын" ақпарат
28 мамыр 2025 ж. 107 0