Ғимараттардың талапқа сай болуы қадағалануда

Осы қағиданы қатаң басшылыққа алған аудан әкімдігі жанынан Арал қаласы бойынша кәсіпкерлік нысандардың, объектілердің, тұрғын үйлердің сыртқы келбеттерінің талапқа сәйкестігін анықтау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды.
Құрамында құқықтық, коммуналдық және әлеуметтік мекемелердің өкілдері бар жұмысшы топ бүгінде қала бойынша ғимараттарға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерге сәйкес нысан иелеріне ескертпе жасауда.
«Қала көркі өз көркің» демекші ауламыздың таза болып, үй-жайлардың немесе түрлі мақсаттағы ғимараттардың сыртқы келбеті келісті болып тұрғаны өзімізге жақсы. Осындай қағиданы басшылыққа алып барша аудан, қала тұрғындарын айналамызды таза әрі ұқыпты ұстауға шақырамыз. Тазалық мәдениетіне көзқарас осылай қалыптаспақ.


