Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Кеше ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, әр мәселені жеке назарға алатынын айтты.
Сондай-ақ, министр республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Қызылорда облысына келудегі ең басты мақсатым - халықпен кездесуім. Жаңа өздеріңіз көрдіңіздер, облыс тұрғындарымен кездесіп, олардың бірқатар сұрақтарына жауап бердім. Ал екінші себеп - облыста жүзеге асырылып жатқан үлкен жобаларды бастау бойынша іс-шараларға қатысу. Біздің елімізде бүгінде 4,5 миллионнан аса қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Соның бар-жоғы 25,8 пайызы ғана өңделеді. Соған байланысты 2024 жылдың қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қоқыс өңдейтін зауыттарды салуға тапсырма берді. Сол кезден бастап осы кезге дейін біз үлкен бағдарламаны іске қостық. Ол - қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, өңдейтін зауыттарды салу. Бүгінгі күнге 67 жобаны қарауға алдық. Жалпы, Қызылорда облысы бойынша 9 жобаны қарауға алдық. Қазір құжаттар қаралу үстінде. Нақты 3 жоба бойынша бүгін барлық рәсімдер жасалып, келісім-шартқа қол қойылды, жақын арада қаражаты аударылатын болады,- деді Ерлан Нұралыұлы.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
09 шілде 2025 ж. 29 0