Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізінің ұлтанына 48 млн дана сексеуіл егілді

Арал теңізінің ұлтанына 48 млн дана сексеуіл егілді

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
“Таза Қазақстанның” тағы бір бағыты – елді мекендерді көгалдандыру және елдің ормандылығын арттыру. Мәселен, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 369 млн көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы отырғызылды, - деді Мансұр Ошурбаев ОҚК-да өткен брифингте.

Ол орман мелиорациялық жұмыстардың өнгіштігі мен өмір сүру деңгейі жоғары болуы үшін орман тұқымбақтарын құру жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Вице-министр өз сөзінде “Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын да атап өтті.

“Таза Қазақстан” экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, бүкіл қоғамды елдің болашағы туралы қамқорлыққа тарта отырып, жаңа экологиялық сананы қалыптастырады. Қазірдің өзінде біз экология мәселелерінен басталған бұл бастаманың айтарлықтай үлкен нәрсеге айналғанын көріп отырмыз: ол айналадағы тазалыққа ғана емес, барлық азаматтардың рухани тазалығына да бағытталған, - деді Мансұр Ошурбаев.

Ақпарат көзі: baq.kz
17 шілде 2025 ж. 79 0