Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент тапсырмасы бойынша 1,3 млрд-тан астам көшет отырғызылды

Президент тапсырмасы бойынша 1,3 млрд-тан астам көшет отырғызылды

Президент тапсырмасы бойынша 1,3 млрд-тан астам көшет отырғызылып, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мемлекеттік орман қоры аумағында 1,3 млрд көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.
Сонымен қатар, елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма орындалды.
2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде.
"Толқын" ақпарат
25 маусым 2025 ж. 65 0