Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тау-кен өндірісін дамыту және көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды

Тау-кен өндірісін дамыту және көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен Үкімет отырысының күн тәртібіне сәйкес «Тау-кен өнеркәсібін дамыту мен цифрландыру» және «Көші-қон саясатын жетілдіру» мәселелері қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Тау-кен өнеркәсібі саласы бойынша ауданда 11 шағын және 1 ірі кәсіпорын тіркелген. 2025 жылдың 5 айында тау-кен өндірісі 6,3 пайызға, І жартыжылдық қорытындысы бойынша 4,6 пайызға кем орындалған. Аудан әкімі жиында тау-кен өндірісі саласындағы көрсеткішті арттыру бойынша қолға алынып жатқан шараларға қанығып, кейбір кәсіпорындардың жұмысындағы кемшіліктерден өзге, өз міндеттемелерін толық орындай алмай отырғанын ашық айтып, жұмысын бақылауға алуып, өнім өндіруде оң көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету керектігін алға тартты.
«Көші-қон саясатын жетілдіру» мәселелері бойынша да тиісті бөлімге шетелдік жұмыс күшін тарту және еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес рәсімделіп, міндетті төлемдердің бюджетке уақытылы төленуін тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырма жүктеді.
Жиында көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуы қатаң басшылыққа алынатынын ескертті.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
22 шілде 2025 ж. 59 0