Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке – халықтың басын қосқан берекелі дүбір

Жәрмеңке – халықтың басын қосқан берекелі дүбір

Өткен аптада қаладағы Қазыбек би көшесі, «Шанхай» мөлтек ауданындағы өткел маңында тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткен болатын.
Көпшіліктің сұранысын қанағаттандырып, тұрмысқа қажетті азық-түлікке қолжетімділігін арттырған молшылық мерекесінде Арал ауданынан 63 тоннаға жуық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылымға қойылды.
Жәрмеңкеде 3,6 тонна ет өнімдері, 210 литр шұбат, 20 бас тірі қой, 6,0 тонна мұздатылған, 50 дана ысталған балық, 55 кг құрт-ірімшік, 50 тонна көкөніс және 3 тонна ас тұз әкелініп тұтынушыларға еркін босатылды.
Жәрмеңкеге тиімді бағада сатылған өнімдерге қызығушылық танытқан тұрғындар саны да көп болды.
"Толқын" ақпарат
19 тамыз 2025 ж. 45 0